Русский   Қазақша
Регистрация
» » «Жаратылыстану пәндерінде ағылшын тілін кіріктіріп оқыту» тақырыбында химия-биология және информатика пән мұғалімдерінің аудандық семинар-кеңесі өтті.

«Жаратылыстану пәндерінде ағылшын тілін кіріктіріп оқыту» тақырыбында химия-биология және информатика пән мұғалімдерінің аудандық семинар-кеңесі өтті.

22-01-2020, 16:25

             Бүгін  Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №30 Көктөбе орта мектебінің базасында 2020 жылдың 22 қаңтар күні  «Жаратылыстану пәндерінде ағылшын тілін кіріктіріп оқыту» тақырыбында химия-биология және информатика пән мұғалімдерінің аудандық семинар-кеңесі өтті. Аталған семинар- кеңеске  «USTAZ» профессионалды оқыту орталығының менторы Асилова Айнур Усеновна және Жамбыл облысы бойынша координаторы Сатыбалдиев Даулет Мейрамбекұлы және ауданнан жалпы 40 мұғалім қатысты. Семинарды білім бөлімінің әдіскерлері  Керимбаева Роза Дарханбекқызы мен Маденова Гүлмира Адамбекқызы ашып, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Сейтбекова Индира, №30 Көктөбе орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Қалдасбекова Айшат, №25 Ақтөбе тірек мектебінің химия пәнінің мұғалімі Усерханов Ануар 8 сынып оқушыларымен ашық сабақ өтсе, №24Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Итебаев Ардақ семинарға қатысушы педагогтармен өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында қатысуышылар тақырып бойынша іс-тәжірибе алмасты. Соңында сабақ көрсеткен мұғалімдер аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 2 196
Распечатать
Комментарии к новости88
Назад 1 2 3 Дальше
Комментировать