Русский   Қазақша
Регистрация

Маңызды

» » «Аутизм мәселесі қоғамның мәселесі»

«Аутизм мәселесі қоғамның мәселесі»

2-04-2019, 12:15
 2-сәуір Бүкіләлемдік  аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы арнайы қарар бекітіп, аутизмге  шалдыққандарға қоғамның назарын аударуға  ұсынған.  «Бұл-белең алып келе жатқан мәселе». Осыдан екі жыл бұрын 100 мың баланың бірінде кезігетін аталған дерттің түрі, енді тіпті жиілеп барады»,  - дейді мамандар.
  Осыған орай  Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен  2 –сәуір күні «Аутизм мәселесі қоғамның мәселесі» тақырыбында Көктөбе орта мектебінің базасында семинар өткізілді. Семинарға аудан көлеміндегі  білім беру мекемелеріндегі ерекше оқуды қажет ететін оқушылар  мен ата-аналар  мектеп психологтары қатысты.  Семинар барысында  №30 Көктөбе орта мектебі, №29 орта мектебі, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясының психолог мамандары оқушылар арасында   жүректеріне сенім ұялату, тұлғалық дамуына үлес қосу мақсатында тренингтер өткізді.   Ал   ата-аналар арасында «Менім баламның мінез-құлқы қандай?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізе отырып әр баланың қоғамда өзіндік орны бар екендігі айтылды. Семинар соңында оқушылар жүректеріне мейірім мен сенімділік шуағын ұялата отырып  түрлі-түсті шарларды әуеге ұшырды.  




Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 1 336
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать