Главная > Жаңалықтар > «Аутизм мәселесі қоғамның мәселесі»
«Аутизм мәселесі қоғамның мәселесі»2-04-2019, 12:15. Разместил: admin13 |
2-сәуір Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы арнайы қарар бекітіп, аутизмге шалдыққандарға қоғамның назарын аударуға ұсынған. «Бұл-белең алып келе жатқан мәселе». Осыдан екі жыл бұрын 100 мың баланың бірінде кезігетін аталған дерттің түрі, енді тіпті жиілеп барады», - дейді мамандар. Осыған орай Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2 –сәуір күні «Аутизм мәселесі қоғамның мәселесі» тақырыбында Көктөбе орта мектебінің базасында семинар өткізілді. Семинарға аудан көлеміндегі білім беру мекемелеріндегі ерекше оқуды қажет ететін оқушылар мен ата-аналар мектеп психологтары қатысты. Семинар барысында №30 Көктөбе орта мектебі, №29 орта мектебі, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясының психолог мамандары оқушылар арасында жүректеріне сенім ұялату, тұлғалық дамуына үлес қосу мақсатында тренингтер өткізді. Ал ата-аналар арасында «Менім баламның мінез-құлқы қандай?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізе отырып әр баланың қоғамда өзіндік орны бар екендігі айтылды. Семинар соңында оқушылар жүректеріне мейірім мен сенімділік шуағын ұялата отырып түрлі-түсті шарларды әуеге ұшырды. Вернуться назад |