Русский   Қазақша
Регистрация

Маңызды

» » «Жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс алмасу» атты семинар-практикумы өтілді.

«Жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс алмасу» атты семинар-практикумы өтілді.

3-03-2020, 10:33

    2020 жылдың  2-ші наурыз күні сағат 10.00 ден 14.00 аралығында  № 18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте «Жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс алмасу» атты семинар-практикумы өтілді. Бұл семинарға серіктес мектептерден 18 мұғалім қатысты. Семинар  негізгі 3 бөлімді құрады.

№ 18 М.Ғабдуллин орта мектептің информатика пән мұғалімі Қиясова Гүлнұр  «Charts if statement» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен шеберлік сынып, №8 С.Байтіков атындағы орта мектебінің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Смағамбетова Фарида « Қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құру» тақырып аясында панорамалық сабақ, № 21 Д.Пахомов орта мектептің тарих және география пән мұғалімі Лебаева Айгүл «ТЖБ,БЖБ жұмыстарын бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру»  тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында топтық түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Семинар-практикумда өтілген шеберлік сынып, панорамалық сабақ, топтық түсіндірме жұмыстар өз мақсаттарына жетті, мұғалімдер өз ара тәжірибе алмасып, өз ойларын ортаға салып, талқылады. Қорытындылай келе, семинар-практикумның соңына қарай Абайдың 175 жылдығына арналған кеш өтілді.

Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 868
Распечатать
Комментарии к новости31
Назад 1 2 Дальше
Комментировать