«Бастапқы әскери және технологиялық дайындық  пәнін оқытушы-ұйымдастырушыларының» Облыстық 3-күндік оқу әдістемелік жиыны өтті. » Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық  пәнін оқытушы-ұйымдастырушыларының» Облыстық 3-күндік оқу әдістемелік жиыны өтті.

«Бастапқы әскери және технологиялық дайындық  пәнін оқытушы-ұйымдастырушыларының» Облыстық 3-күндік оқу әдістемелік жиыны өтті.

1-10-2019, 12:14

     Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының бірлескен жоспары бойынша қыркүйек айының 25 мен 27 күндері аралығында Жуалы ауданында «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық  пәнін оқытушы-ұйымдастырушыларының» Облыстық 3-күндік оқу әдістемелік жиыны өтті. Оқу әдістемелік жиынға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы»-ның аға қызметшісі, әдіскер Ізбасар Есболов  ҚР.Қарулы күштерінің құрметті ардагері полковник Мадияр Байжанов және облысқа қарасты  аудандардың білім бөлімі Бастапқы әскери және Технологиялық дайындық пәні әдіскерлері мен облыстағы бірнеше колледждер; мектептер аталған пән мұғалімдері қатысты. Жиынның ашылу салтанаты яғни бірінші күн Бәйтерек ауылында Т.Тастандиев ат.орта мектебінде Ұлы Отан Соғысының ардагері ДАҢҚ орденінің толық иегері Тайыр Тастандиевті еске алу, ескеткішіне гүл қою және минуттық үнсіздік жариялау рәсімінен басталды. Одан Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерназар Джузбаев жиынның ашылуын жариялап, сөз кезегін аталған мектеп директоры Гүлнар Жорабекова ЖОББ «ҒТДШО-ның» аға қызметшісі, әдіскер Ізбасар Есболов ҚР.ҚК. құрметті ардагері Мадияр Байжанов жалғастырды. Жиын ашылуымен Жуалы ауданы әкімдігінің Білім бөлімі БӘ және ТД пәні әдіскері Азамат Сатыбалдиев жиынға қатысушыларды жиын бағдарламасымен таныстырып болған соң, мектеп оқушыларының «ЖасСарбаз» әскери патриоттық клубы мен сыныбының өнерлерін және жалпы клуб жұмысын таныстыруға кірісіп кетті.Соңынан мектеп оқушылары әскери патриоттық ән-би қойылымдар қойып,жиынға қатысушыларды құрметпен шығарып салды. Оқу-әдістемелік жиынның 2-күні №91678 әскери бөлімінде өтті. Жиын әскери тәртіптен (түгелдеу, форма тазалығына мән беру, сапта жүру және техника қауіпсіздігін сақтау мен т.б) басталды.  Әскери бөлім офицерлері мен әскери қызметшілері әт-түрлі практикалық сабақтар жүргізді. Күннің екінші жартысында әскери бөлім ату алаңында жиынға қатысушылар АК-74 автоматымен нысан көздеді. Ату нәтижесінде аудандық (Жуалы) білім бөлімнің аталмыш пән әдіскері Азамат Сатыбалдиев пен №14 Б.Майлин ат.орта мектебінің БӘ және ТД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы Медеу Жұмағұлов үздік нәтиже көрсетті. Соңынан полковник М.Байжанов әскери бөлім ұжымына алғысын-разылығын білдіріп оларды Алғыс хатпен марапаттады. Жиынның соңғы күні жиынға қатысушылар, оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиеге баулу, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу және т.б тақырыптарда пікір таласып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Соңынан Ізбасар Есболов п-к М.Байжанов және басқа жиынға қатысушы қонақтар Облыстық 3-күндік оқу-әдістемелік жиынның жоғары деңгейде өткеніне ризалықтарын айтып, аудандық білім бөлімі басшысы Мажит Айжановқа және бөлім ұжымына алғыстарын білдірді.

 

Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 770
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать