Главная > Жаңалықтар > 25 орынға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы

25 орынға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы


13-07-2021, 12:10. Разместил: admin

Білім және ғылым Министрінің 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы № 122 бұйрығына сәйкес.

Конкурсты ұйымдастырушы: "Алматы облысы Білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша  білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы , 040200, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі, 148

БИН 101240006118

ИИК KZ93070102KSN0901000

БИК KKMFKZ2A

Тел.8(72833)3-54-24

e-mail:alakol_roo@mail.ru


"Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша  білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Серғазин Берік Серғазыұлыбасшысы м.у.а. тұлғасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Конкурсқа қатысуға өтінім берген жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі. Өтінім нысаны еркін.

Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары "Алматы облысы Білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша  білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті; 

      2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

      3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

      4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

      5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

       6) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      11. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

      12. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

      1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар 2021 жылғы 30маусым 18 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде Алматы облысы, Алакөл  ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі 148, №9 кабинетте орналасқан "Алматы облысы Білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша  білім бөлімі" ММ-не толық құжаттар пакетін ұсынуы тиіс.


Вернуться назад