Главная > Жаңалықтар > «Ақпарат сағаты» аясында мектеп ұжымымен кездесу өткізілді.

«Ақпарат сағаты» аясында мектеп ұжымымен кездесу өткізілді.


19-09-2019, 12:40. Разместил: admin13

        2019 жылы 17 қыркүйек күні Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен  білім бөліміне қарасты 30 жалпы орта мектептерде  «Ақпарат сағаты» аясында мектеп ұжымымен кездесу өткізілді.

Қамтылған педагогтар саны-710.

         «Ақпарат сағаты» аясында төмендегідей мәселелер айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

        1).  2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы;

        2).  «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша НЗМ енген жетекші мектеп және оған кіріктірілген серіктес мектептер туралы;         

        3).  Мектеп  ұстаздарына  «Онлайн- шеберхана», «Қысқы мектеп, «Жазғы мектеп»  бойынша  түсіндіру жұмыстарын жүргізу ережесі туралы;                

        4). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің әділдік пен адалдық құндылықтарға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою оның алдын алу іс-шаралары туралы;

        5).  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында Қазақстан халқына Жолдауы туралы;

        6).  Педагогтардың әдеп қағидалары және мектеп оқушыларының мектеп ережесінде белгіленген тәртіп қағидалары туралы толығымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді;


  


Вернуться назад