«Қыздарға әсемдік жарасады» » Страница 2 » Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация

Маңызды

» » «Қыздарға әсемдік жарасады»

«Қыздарға әсемдік жарасады»

12-12-2019, 18:33

«Қыздарға әсемдік жарасады»

    Ауданымызда 8-11 сынып оқушы қыздары мен аналарына арналған «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру және жыныстық зорлық- зомбылықтың алдын алу. 

 Келген қонақтар қоғамда орын алып жатқан зорлық-зомбылық пен қатігездіктің алдын-алу бойынша пікірлерін, ұсыныстарын білдірді.

   Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
    Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.

    Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

     Ертеңгі ана, бүгінгі  қыздарымызды  тәрбиелеу ананың және барша   қауымның   міндеті. Халқымыз   «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық  ой  сыйғызған. Яғни  қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты  емес, бүкіл  ауыл, ру  жауапты  болып отыр. Қыз  баланы   құрметтеу, олардың   алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.

    

   


 

 

 

 

Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 3 223
Распечатать
Комментарии к новости64
Комментировать